Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынады.
«Циклон және онымен байланысты суық атмосфералық фронттар жақын арадағы тәулікте Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс өңірлеріне ықпал ететін болады, екпінді жел мен жаңбыр күтіледі, күндіз 8 қыркүйекте температура +12-17 дейін, кей жерлерде +20- ға дейін төмендейді. Ал еліміздің шығысында және орталығында суық ауа райы 9 қыркүйекке жылжиды. Республиканың батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз жайлы ауа райы болады. Күндізгі температура бұрынғыдай жоғары +25...+38ºС аралығында» деп жазылған хабарламада.