Демалыс күні 11 наурыздан 9 наурызға ауыстырылды

АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов демалыс күнін ауыстыруға қатысты Үкімет қаулысына қол қойды, деп хабарлайды pm.kz сайты.
None
None

«Демалыс күнін 11 наурыздан 9 наурызға ауыстырамыз», - деп жазды К.Мәсімов Twitter-дегі микроблогына.

 Үкімет қаулысына сәйкес,  демалыс күні 2012 жылғы 11 наурыз, жексенбіден 9 наурыз, жұма күнге ауыстырылады.

 Қажетті өнімдерді, қаржы қызметтерін қоса алғанда, басқа да қызмет түрлерін көрсету үшін еңбек, материалды және қаржы ресурстарымен қамтылған ұйымдарға, сондай-ақ құрылыс нысандарын іске қосатын ұйымдарға  кәсіподақ ұйымдарымен келісе отырып 2012 жылдың 9 наурызында жұмыс істеу құқығы беріледі. 

 Аталып отырған күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленеді.

Соңғы жаңалықтар