Демалыс күні елордада қоғамдық көлік жүрмейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жексенбі, 25 қазанда елордада қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы «City Transportation Systems» хабарлады.

Демалыс күні елордада қоғамдық көлік жүрмейді

Дүйсенбі, 26 қазанда автобустар қайта өз жұмысын жалғастыратын болады.

Басқа күндері қоғамдық көлік әдеттегідей жұмыс істейді.

«Тұрғындарды санитарлық нормаларды сақтауға және автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынғанын ұмытпауға шақырамыз. Жол жүру ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу арқылы ғана төлеуге болады», - деп хабарлайды «City Transportation Systems» ЖШС.