«Демалыс күнін ауыстыру туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойылды

АСТАНА. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Демалыс күнін ауыстыру туралы» 2009 жылғы қарашаның 26-сындағы қаулыға қол қойды. ҚазАқпарат қаулының мәтінін жариялайды.

 «Демалыс күнін ауыстыру туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойылды

Демалыс күнін ауыстыру туралы

2009 жылғы желтоқсанда еңбеккерлердің демалысы үшін қолайлы жағдай туғызу және жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Демалыс күні 2009 жылғы желтоқсанның 20-сындағы жексенбіден желтоқсанның 18-індегі жұмаға ауыстырылсын.

2. Қажетті өнімдерді шығару, қаржылық қызметтерді қоса алғанда қызметтер көрсету үшін еңбек, материалдық және қаржылық ресурстармен  қамтамасыз етілген, сондай-ақ құрылыс нысандарын іске қосумен айналысатын ұйымдарға кәсіподақ ұйымдарымен келісе отырып 2009 жылғы желтоқсанның 18-інде жұмыс істеу құқығы берілсін.

Көрсетілген күнгі жұмысқа Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтемақы төленеді.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов.