Демалыста Ақмола облысында жекелеген нысандар жұмысын тоқтатады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина демалыс күндері өңірде бірқатар әлеуметтік нысан жұмысын тоқтататынын еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Демалыста Ақмола облысында жекелеген нысандар жұмысын тоқтатады

А.Мусинаның айтуынша, сенбі және жексенбі күндері келесі нысандардың қызметі тоқтатылатын болады:

Сенбі және жексенбі күндері:

1. ауданы 1000 шаршы метрден астам азық-түлік емес дүкендер;

2. жабық азық-түлік емес және азық-түлік базарлары (сауда үйлері, сауда орталықтары, павильондар, дүкендер және т. б.);

3. сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, азық-түлік бөлімдері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда орталықтары;

4. фитнес-орталықтар, жаттығу залдары, спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер;

5. сауна, СПА орталықтары.


Жексенбі күндері:

1. супермаркеттер, гипермаркеттер, алаңы 1000 шаршы метрден астам азық-түлік бөлімдері мен дәріханаларды қоспағанда;

2. ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарлар;

3. сұлулық салондары, шаштараздар, маникюр және педикюр қызметтері, косметологиялық қызметтерді көрсететін объектілер.