"Демеу" продюссерлік және орындаушылар одағы" аккредитация туралы куәлік алды

АЛМАТЫ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - "Демеу" продюссерлік және орындаушылар одағы" Республикалық қоғамдық бірлестік ұжымдық негізде мүліктік құқықтармен басқарып отырған мекеменің аккредитация туралы куәлігін алды.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Одақ 2005 жылы тіркелген болатын. Ал биылғы сәуірдің 16 күні аккредитация туралы куәлік алдық. Бұл біздің ұйымдағы орындаушылардың сабақтас құқықтарын қорғаудағы қызметін кеңейтуге және одан әрі жоғары деңгейде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қазақстандық орындаушылар үлесіне сыйақы жинау көбейеді», деп атап өтті «Демеу» бірлестігінің төрағасы Қыдырәлі Болманов.

Бірлестікке қазірдің өзінде 130-дан астам қазақстандық әншілер өздерінің құқықтарын басқаруға сенім білдірген. Оның ішінде, Бибігүл Төлегенова, Ескендір Хасанғалиев, Тоқтар Серіков, Нұрғали Нүсіпжанов, Мәдина Сәдуақасова сынды әншілер және «МұзАрт», «Дос-Мұқасан», «Нұр-Мұқасан топтары бар.

Соңғы жаңалықтар