Демеушілер Атырау облысында 5 спорт алаңын салып жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Демеушілер Атырау облысында 5 спорт алаңын салып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Жаңа спорт алаңдарының бірі пайдалануға тапсырылды. Ол Жилгородок шағын ауданындағы «Кузнецов алаңында» салынды. Онда футбол алаңы, workout тренажерлары, балаларға арналған ойын алаңы бар. «Кузнецов алаңы» Атырау қаласының аумағындағы ең алғашқы футбол алаңдарының бірі. Екінші алаң «Алмагүл» шағын ауданында салынды. Спорт алаңдарының құрылысына қаражатты демеушілер құйып жатыр», - деп мәлімдеді Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Демеушілердің қаржысына Аққыстау, Доссор, Мұқыр кенттерінде де спорт алаңдары салынады.

Айта кетейік, өткен ғасырдың ортасында Гурьев мұнай өңдеу зауытының Жилгородок шағын ауданында тұрған жұмысшысы Василий Михайлович Кузнецов үйдің жанындағы алаңды тазалап, көрші аудандардың жастарынан құралған командалар арасында жолдастық кездесулерін ұйымдастыра бастайды. Осылайша, ондаған жылдардан бері бұл алаң қалалықтардың сүйікті алаңына айналады. Соңғы жылдары алаң қараусыз қалған болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум