«Демікпені дендетіп жүрген кімдер?» - республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 2 қазан, сейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

***

«Егемен Қазақстан» басылымының жазуынша, 2012 жылдың тамызында еуроаймақта жұмыссыздық 11,4 пайызды құрады. Бұл деңгей 1995 жылдан кейінгі рекордтық көрсеткіш болып табылады және Bloomberg сауалнама жүргізген экономистер болжамдарының медиандық маңызымен сәйкес келеді. Өңірдегі борыштық дағда­рыс­тың дамуы аясында жұ­мыс­сыздық деңгейі рекордтық маңызға жетті, ал ол компанияларда жұмыс орындарын қыс­қартуға апарып соқтырды. Бү­гінде еуропалық компаниялар жақындап келе жатқан рецессиядан, қатаң бюджеттік шаралардан және әлемдік эконо­ми­ка өсуінің баяулауынан қауіп­те­не отырып қабылдаған ин­вес­тициялық шешімдерін кейінге қалдыруда және жаңа қызметкерлерді жалдаудан бас тартуда. Еуро аймағындағы жұмыссыздық мәселесін көтерген бұл материал «Жұмыссыздық еуроаймақта рекордқа жетті» деген тақырыппен беріліп отыр.

Сондай-ақ осы басылымның жазуынша, тұрғындарды жұмыспен барынша көбірек қамтуға мүмкіндік беретін әлеуметтік маңызы зор саланың бірі - жеңіл өнеркәсіп. Әлемдік тәжірибеге көз салсақ, тек осы жеңіл өнеркәсіптің өзінен бюджетінің 40 пайызға жуығын құрап, экономикасына әжептәуір пайда келтіріп отырған елдер бар екеніне көз жеткіземіз. Айталық, Интернеттен алынған деректер Үндістан, Қытай және Түркия мемлекеттерінде халықтың 20 пайызы осы кәсіппен шұғылданатынын айғақтайды. Бұған сол елдерде еркін экономикалық аймақтардың құрылуы, жеңілдетілген салықтар мен пайызы төмен несиелер және мемлекеттік инвестициялар оң ықпалын тигізген. Аталмыш маңызды саланың мән-жайы  «Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санындағы «Жеңіл өнеркәсіптің ауыр жүгі» атты мақалада басылды.

***

«Шымкент қаласының аумағында археологтар сақ  дәуірінің 2,5 мың жылдық қорымын қазып алды»,-деп хабарлады Ә, Марғұлан атындағы археология институтының директоры Бауыржан Байтанаев. «Археологтармен сақ дәуірінің қорымынан екі алтын табақша табылды. Иконографияға қарасаңыз, табылған заттар грек-рим уақытында жасалған. Бұл заттарды теңіз бен мұхитты жақсы білген халық жасауы ықтимал. Алтын табақшаларда теңіз жануарлары: балық, сегізаяқ, теңіз аты бейеленген. Бұл табақшалар киімге тағулы болғанға ұқсайды. Қазір біз бұл заттардың сақтарға қалай түскенін анықтау үстіндеміз»,-дейді мамандар.  Бұл туралы «Айқын» басылымының бүгінгі санындағы «Сақ дәуірінің қорымы табылды» атты ақпаратта жазылған.

 

«Павлодар облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері соңғы уақытта жалған ақша жасаушылармен күресті күшейте түсті. Облыстық Қаржы полициясы баспасөз қызметінің жетекшісі Самал Ахмедьянова хабарлағанындай, аймақта соңғы айлардың өзінде жалған ақша жасаушыларға қатысты 150 қылмыстық оқиға тіркеліп, оның 108- бойынша дереу қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде, 58 қылмыс шұғыл жағдайда ашылды»,-деп жазады «Айқын» басылымы бүгінгі санында. Өңірдегі осы қылмыстың түрі жайында жазылған материал «Жалған ақша жасаушылар көбейді» атты тақырыппен басылды.



                                                                                      ***

«Алаш айнасы» басылымы бүгінгі санында «Демікпені дендетіп жүрген кімдер?» атты мақаланы жариялады. Басылымның жазуынша, бүгінде әлемде 300 миллион адам демікпе дертінен зардап шегеді. Медицина мықты дамып келеді дегенмен де, дәл осы диагноздың алдында дәрменсіздік танытуда. Мамандар мұның себебін қоршаған ортаның аэроаллергендермен ластануынан, күнделікті тұтынатын тағамдарда бейтабиғи қоспалардың көп болуынан, түрлі химиялық ұнтақтарды пайдаланудан көріп отыр. Науқастардың нақты саны тізімге тіркелгендерден бес-алты есеге көп, дейді мамандар.

Соңғы жаңалықтар