Демократ Сандерс Индианадағы бастапқы сайлауда жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенатор Берни Сандерс сейсенбі күні Индианада АҚШ Демократиялық партиясының бастапқы сайлауында жеңіске жетті.

Демократ Сандерс Индианадағы бастапқы сайлауда жеңіске жетті

Бұл туралы дауыс беру нәтижесіне орай жетекші американдық телекомпаниялар хабарлады.

"Біз Индианадағы праймериз жеңімпазы Сандерс болғанын жариялаймыз", - деп хабарлады CNN және MSNBC. Олардың пікірінше, Вермонт сенаторы өз қарсыласы - АҚШ-тың экс-мемхатшысы Хиллари Клинтоннан біршама озды. Дауыс беру учаскелерінде толтырылған бюллетеньдердің 70% қарастырған соң, оны Индианадағы демократтардың 53,3%, ал Клинтонды 46,7% қолдады.

Қазір Клинтон болашақ форумның 2165 делегатының қолдауына, ал Сандерс 1357 делегаттың қолдауына ие.