Дэн Браун Рим Папасымен кездесуге ниет танытты

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат - Американдық жазушы Дэн Браун Рим-католик шіркеуінің басшысы Бенедикт XVI-мен жеке кездесуі туралы өзінің қалауын мәлімдеді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента. Ру сайтына сілтеме жасап.

Браун, олар бәтуаға келе алмауы мүмкін көптеген мәселелердің бар екенін атады, алайда бұлар айтарлықтай маңызды емес.

Жазушының айтуынша, Рим Папасымен кездесуі туралы оның өзі өтінгісі келмейді. Өйткені мұны ол әдепсіздік деп есептейді және понтификті қолайсыз жағдайға қалдыруы мүмкін. Бастама Бенедикт XVI -ның өзінен шығып жатса, онда, жазушының айтуынша, сол сәтте жетіп келуге әзір.

Дэн Браунға 2003 жылы жарияланған «Да Винчи коды» (The Da Vinci Code) үлкен танымалдық әкелген болатын. Онда католик шіркеуіндегі көтеріліс туралы әңгіме болады. Бұл кітап дін қайраткерлері тарапынан теріс әсер туғызды. Соған қарамастан роман барынша танымал болды. «Да Винчи коды» романының жалпы таралымы 80 миллион дананы құрайды.

Соңғы жаңалықтар