Дендросаябақтағы өрттен ағаштарға зақым келген жоқ – Шымкент әкімдігі

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында өрттің алдын- алу шаралары күшейтілген тәртіпте жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі дейін өрт қауіпі бар 8 гектар жерде тазалау жұмыстары жүргізілген. Тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, жасыл желек аймағы бақылауға алынған. Сақтық шарасы мақсатында 2 су тасымалдау көлігі әзірленген.

«Аптап ыстықтан өрт қаупінің басымдылығына байланысты қураған шөптерді тазалау жұмыстарына қосымша 150-ге жуық адам жұмылдырылды. 85 шөп орғыш техника және 12 дана көлік көмегімен дендросаябақтың аумағында 5 арнайы топ өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде», делінген қалалық әкімдік тарапынан таратылған хабарламада.

Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы мамандарының айтуынша, күні бүгінге дейін дендросаябақта өрт салдарынан ағаштарға зақым келмеген.

Қазіргі кезде саябақ аумағындағы жасыл –желек саны 100,5 мың данадан асады. Аймағында Қазақстанның қызыл кітабына енген ағаштың 10 түрі бар. Олар өрік, іле бөріқарақаты, кавказ таудағаны, зеравшан аршасы, недзвеция алмасы, сиверс алмасы, соғды шағаны, ақ тораңғыл, жабайы жүзім, тау пістесі. Сондай-ақ, сирек кездесетін ағаштардың 96 түрі бар.

Айта кетейік, кешегі күні Шымкенттегі дендробақта өрт шыққан болатын.



Соңғы жаңалықтар
telegram