Дендросаябақтағы веложол бұзылады: Шымкент әкімдігі желіде тараған ақпаратқа жауап берді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат-Шымкент қаласының әкімдігі дендросаябақтағы веложолдың бұзылуына қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дендросаябақтағы веложол бұзылады: Шымкент әкімдігі желіде тараған ақпаратқа жауап берді

Жуырда велосипедшілер дендросаябақтағы веложолды бұзып, орнына жүргіншілер жолын салу керек деген тұрғындардың ұсынысына қарсылық білдіріп, үндеу жариялаған болатын.

Бұл жайында әлеуметтік желіде де кеңінен сөз болды.

Ал, әкімдік тарапынан берілген ресми жауапта веложолдың бұзылуына қатысты ақпараттың шындыққа жанаспайтындығы айтылған.

«Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта 2020 жылы қала тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыруы үшін салынған веложол ары қарай да саябаққа келушілер үшін қызмет ететіндігін хабарлаймыз. Қала тұрғындарынан әлеуметтік желіде пайда болған жалған ақпаратқа емес, тек, мемлекеттік органдардың ресми мәлімдемелеріне ғана құлақ асуға шақырады», делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Бүгінде демалыс аймағында 6,5 шақырымды құрайтын веложол мен 1164 метр болатын жүгіру жолақтары бар.