Дене шынықтыру пәнінің бағдарламасына акробаттық рок-н-ролл енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мектептердегі дене шынықтыру сабақтарына спорттық күрес, футбол және акробаттық рок-н-ролл бойынша бағдарлама енгізілмек. Ресейдің Білім және ғылым министрлігінің жанындағы білім мекемелеріндегі дене тәрбиесі жүйесін жетілдіру жөніндегі сарапшылар кеңесі осындай шешімге келді, деп хабарлайды РИА Новости.

Дене шынықтыру пәнінің бағдарламасына акробаттық рок-н-ролл енгізіледі

Кеңес отырысының хаттамасында қарастырылған бағдарламаларды Ресей Федерациясының сәйкес білім беру ұйымдарының білім беру процесінде қолдану үшін ұсыну қажеттігі көрсетілген. Атап айтқанда, «Акробаттық рок-н-ролл негізіндегі жалпы білім беретін мекемелерге арналған дене шынықтыру бағдарламасы», «Футбол негізіндегі жалпы білім беретін мекемелер мен кәсіби білім мекемелеріне арналған дене шынықтыру бойынша қосымша білім бағдарламасы» және «Футбол негізіндегі мектеп жасына дейінгі даярлық тобында дене тәрбиесінің кіріктірілген курсының бағдарламасы» Ресей мектептерінде қолданысқа енгізіледі.

Сондай-ақ бұл кеңес 2014-2015 оқу жылының бірінші жартысында «Мектептегі дене шынықтыру сабағының үшінші сағаты ретінде спорттық күрес бағдарламасын» сынама ретінде енгізуді ұсынды.