Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік қызметтер регламенттері бекітілді - ҚР МСМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттері бекітілді. «ҚазАқпарат» ХАА құжаттың толық мәтінін оқырман назарына ұсынады.

Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік қызметтер регламенттері бекітілді - ҚР МСМ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы №176

2015 жылғы 14 мамыр,  Астана қаласы

Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмiр бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылы 4 наурыздағы № 72 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9230 тіркелген, 2014 жылы 25 қыркүйекте № 187 (28410) «Егемен Қазақстан» газетінде; 2014 жылы 25 қыркүйекте

№ 187 (27808) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б.Қанағатов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж.Мұсайбековке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ.

Құжаттың қосымшасы ресми БАҚ-та жарияланды.