Дене шынықтырудан сабақ беріп келген басқа пәндер мұғалімдерінің істері әшкере болды - Бас прокуратура

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының прокуратурасы бірқатар аудан мектептерінде дене шынықтыру сабақтарын арнайы педагогикалық және кәсіби білімдері жоқ мамандардың, мәселен, еңбек, тарих, сызу пәндерінің мұғалімдері беріп келгенін анықтады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Қарағанды облысының прокуратурасы жалпы білім беру мектептерінде дене шынықтыру және спорт туралы заңнамалардың орындалуына тексеріс жүргізіп, нәтижесінде Қаражал қаласының мектептерінде дене шынықтыру және спорт бойынша педагогикалық қызметке арнайы білімі жоқ мамандардың тартылғандығын анықтады.

Сондай-ақ Жаңаарқа ауданының Көктал ауылында аталмыш сабақтан еңбек пәнінің мұғалімі, Талдыбұлақта - тарих, Кенжебай-Самайда - сызу және Қызылжарда тарих пәнінің мұғалімі тәлім беріп келгені мәлім болды.

Онымен бірге, Шахтинск мен Қаражал қалаларындағы, Қарағанды қаласының Приозерск және Октябрьский аудандарындағы жекелеген мектептерде аптасына өткізіліп тұрған дене шынықтыру сабақтарының көлемі заңнамалық талаптарға сай болмаған.

«Сондай-ақ, тексеріс барысында жалпы білім беру және интернатты мекемелерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалмайтындығы анықталды. Осы ретте, облыстық прокуратура аймақтың Білім беру басқармасына заңнама бұзушылықтарды жоюға қатысты ұсыным түсірді», - деп атап өткен Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Олардың анықтауынша, прокурордың ұсынымы қаралып, заңнама бұзушылықтар жойылды. 17 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды.

Соңғы жаңалықтар