Дені саудың - жаны сау, өмірі де табысты

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының басты бағыты - ішкі істер, құқық қорғау органдары,
None
None

кеден және ішкі әскерлер қызметтері қызметкерлерінің дене шынықтыру және арнайы дайындықтарын дамыту және жетілдіруге жәрдемдесу, деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметкері Әйгерім Мұханова.

«Динамо» спорт кешенінде полиция қызметкерлерімен қатар олардың отбасы мүшелері де спортпен шұғылдана алады. Астана қалалық ІІД Жедел басқару орталығының «102» операторы полиция старшинасы Мүгілсім Асанованың 8 жасар қызы Аружан осы «Динамо» спорт кешенінің беделді мүшесі.

Жуырда Алматы қаласында спорттың мәнерлеп сырғанау түрінен өткен жарыста Аружан Аханова бірінші орынды жеңіп алды. Аружан мәнерлеп сырғанау өнеріне 4 жастан бастап қатысып келеді. Ол Алматы, Қарағанды, Орал және Новосібір қалаларында өткен көптеген республикалық және халықаралық жарыстарға қатысты. Астана қаласының бірнеше дүркін чемпионы, 2009 жылғы «Күзгі жарыс» Халықаралық жарысының күміс жүлдегері. 2010 жылы Орал қаласында өткен жарыста 2 орынды иеленіп келді.

Аружан өзінің жаттықтырушысы Александра Белоусованы өмірлік ұстаздары ретінде санайды.

Дені саудың - жаны сау» дейді дана халқымыз. Егер адам әр уақытта дене шынықтырумен айналысып, әр уақытта өзінің денсаулығын түзету үшін түрлі спорт жаттығуларын орындап отырса, ол тек дені сау болып қана қоймай, өмірдің барлық саласында табысты болуына мүмкіндік жасайды.

Соңғы жаңалықтар