18:06, 17 Наурыз 2017 | GMT +5
Дэниэл Джейкобс: Головкинмен айқас - өмірімдегі ең үздік жекпе-жек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен Дэниэл Джейкобстың (32-1, 29 КО) жекпе-жегі жақын қалғанда, жанкүйер қауымның басты тақырыптарының бірі америкалықтың қарсыласынан үрейленетіні жайында болды.
Бұл әңгіме, әсіресе оның Геннадийден өлердей қорқатынын мойындағаннан кейін тарап кетті.
Алайда рингке шығатын күн таянғанда, Джэйкобс үрей оған кедергі бола алмайтынын жеткізді.
«Головкин сияқты жігітті құлату үшін өзің мықты болуың шарт. Мен үрейге берілмеймін. Өмірімдегі үздік айқастың кезі келді, - деді Дэнни. - Мен үшін керемет мүмкіндік. Күш-қуатым тасып, айқасқа толықтай әзірмін. Бұл менің қалауым. Қолымнан келетініне сенемін. Менен мұны ешкім де тартып ала алмайды».
Головкин - Джейкобс жекпе-жегі Геннадийдің WBC, WBA Super, IBF және IBO титулдары үшін Нью-Йоркте (АҚШ) 18 наурызда өтеді.