Дэниел Джейкобс: Головкиннен өлердей қорқамын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Дэниел Джейкобс (32-1, 29 КО) 18 наурыз күні Нью-Йоркте өтетін қазақстандық Геннадий Головкинге (36-0, 33 КО) қарсы айқастан жай ғана қауіптенбей, шын мәнінде қорқатынын мойындады.

Дэниел Джейкобс: Головкиннен өлердей қорқамын

Алайда, Дэнни бұл қорқынышын өзінің басты қаруына айналдыратынын айтып, Геннадийдің жанкүйерлеріне ерте қуанбауға кеңес берді.

«Әрине, бұл нағыз шың, менің мансабымдағы ең қауіпті айқас. Мен одан өлердей қорқамын. Кім қорықпас еді? Алайда, адам және спортшы ретінде бұл қорқынышты басты қаруыма айналдырамын. Бұл мені табанды түрде жаттығуыма және өзімді жеңуіме, адам айтқысыз жетістіктерге жетуіме итермелейді», - деді Дэнни.

«Мен адам немесе жауынгер ретіндегі Головкиннен емес, осы күнге дейін айналған адамнан қорқамын», - дейді ол.