Дэниэл Гил WBA және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралиялық боксшы Дэниэл Гил орта салмақтағы WBA және IBO чемпионы Геннадий Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты, деп хабарлайды vesti.kz сайты.
WBA және IBF нұсқасының бұрынғы чемпионы Гил 19 ақпан күні отандасы Гарт Вудпен кездесу өткізеді. Бұл оның Даррен Баркерден ұтылғаннан бергі алғашқы шаршы алаңға шығуы болып табылады. Былтыр күзде болған матчта ол IBF-тің чемпиондық белдігін Баркерге жеңіліп қалғанын айта кеткен жөн.
Өз кезегінде Феликс Штурм бұл белдікті Баркерден тартып алды.
Fox Sports хабарлағанындай, HBO телеарнасы Гилге 26 сәуірде Головкинмен кездесу өткізу жөнінде ұсыныс тастаған. Алайда Гил бұл жекпе-жек Австралияда көрсетілмейтін болғандықтан, бұл ұсыныстан бас тартты.
Бұның алдында Гил мен Головкин әуесқой бокста кездескен, ол кезде жекпе-жек қазақстандықтың пайдасына шешілген болатын.