Денис Евсеев ITF Futures халықаралық турнирінің ширек финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Денис Евсеев Гонконгте өтіп жатқан жүлде қоры 25 мың долларды құрайтын ITF Futures халықаралық турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Теннис федерациясына сілтеме жасап.

Денис Евсеев ITF Futures халықаралық турнирінің ширек финалына шықты

Евсеев екінші айналымда жапониялық Жампей Ямасакиді 6:3,7:5 есебімен жеңді. Жартылай финалға шығу үшін Вишай Тронгчарончаеквулмен бақ сынайды.

Қазақстандық спортшы ең алғаш, турнирге старт берілген матчта жергілікті теннисші Чага Ламаны 6:1,2:6,6:3 есебімен жеңген.

Айта кетейік, ITF Futures - ерлер арасында өтетін халықаралық кәсіби теннис турнирлерінің циклі, о,ны Халықаралық теннис федерациясы (ITF) өткізеді. Осы турнирде жиналған ұпай ATP Challenger, кейіннен ATP-тур турнирлеріне қатысу мүмкіндігін береді.