Денис Евсеев пен Бейбіт Жукаев әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) және Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, ерлер арасында еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик 39-дан 41-ге төмендеді.

Президент кубогының финалына шығуы нәтижесінде Денис Евсеев 341-ден бірден 269-орынға көтерілді. Осы жарыстың жартылай финалына дейін жеткен Бейбіт Жукаев қазір 394-сатыда. Сөйтіп екеуі де жеке рекордтық нәтижеге қол жеткізді.

Дмитрий Попко 179-ыншы, Михаил Кукушкин 207-інші, Тимофей Скатов 216-орында келеді.

Жұптық сында Андрей Голубев 43, Александр Недовесов 61-сатыда тұр.

Әйелдер арасында Елена Рыбакина 23-орнында қалса, Юлия Путинцева 39-дан 41-ге түсті. Зарина Дияс - 245, Жібек Құламбаева - 488 (+21), Гөзал Айнитдинова - 561.

Жұптық сында Анна Данилина 23-орында келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Денис Евсеевтің Президент кубогының финалисі атанғанын жазған болатынбыз.



Фото: sports.kz




Соңғы жаңалықтар