Денис Евсеев Португалиядағы жарыста қарсыласын айқын басымдылықпен ұтты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 253-ракеткасы Денис Евсеев Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінде іріктеу сайыстарының финалына өтті.

Денис Евсеев
Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы іріктеудің жартылай финалында дүниежүзілік рейтингіде 728-орында тұрған португалиялық Франсишку Рошаны айқын басымдылықпен жеңді – 6:2, 6:3.

Бір сағат 13 минутқа созылған бәсекеде Евсеев 1 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Роша 3 эйс жасағанымен, 4 брейк-пойнттан ештеңе шығара алмады.

Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 250-ракеткасы, мажарстандық Жомбор Пирошпен кездеседі. Оны жолдан тайдырса, негізгі додаға өтеді.

Аталмыш турнирде тағы бір қазақстандық, әлемнің 162-ракеткасы Михаил Кукушкин бақ сынайды. Ол алғашқы айналымда рейтингіде 206-сатыдағы италиялық Маттео Гигантеден өтуге тырысып көреді. 

Оэйраштағы жүлде қоры 181 250 еуроға бағаланған. Жарыс жеңімпазы 9 010 еуроға қоса 125 рейтингілік ұпайға ие болады. 

Мұнда рейтингіде 61-орындағы аргентиналық Франсиско Комесанья бірінші ракетка болып тіркелген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының іріктеу турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик Мюнхен турниріне жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар