Денис Кузин әлем чемпионатында 1000 метрге жүгіруде алтыншы болып келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы конькимен жүгіруден әлем чемпионатында ерлер арасындағы 1000 метрге жүгіру аяқталды, деп хабарлады www.sports.kz.
Бірінші және екінші орындарды ресейлік конькишшілер Павел Кулижников пен Алексей Есин жеңіп алды, үшінші орынға норвегиялық Ховар Лорентсен шықты.
Қазақстандық Денис Кузин жарысты алтыншы болып аяқтады, Роман Креч мәреге 19-шы болып жетті.
Конькимен жүгіру спорты. Әлем чемпионаты
Астана (Қазақстан). Ерлер. 1000 метр
1. Павел Кулижников (Ресей) - 1:09.06 2. Алексей Есин (Ресей) - +0.35 3. Ховар Лорентсен (Норвегия) - +0.37 6. Денис Кузин (Қазақстан) - +0.69 19. Роман Креч (Қазақстан) - +2.16.