16:33, 17 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Денис Никиша әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды
Оңтүстік Корея астанасы Сеул қаласында шорт-тректен өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде Денис Никиша қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Денис 500 метрлік қашықтықта мәре сызығын үшінші болып қиды.
Қытайлық Шаолан Лю алтын медальді жеңіп алды. Оңтүстіккореялық И-Ра Се күміс жүлдеге қол жеткізді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын шорт-тректен Қазақстан құрамасының әлем кубогында қола жеңіп алғанын жазған болатынбыз.