Денис Никиша шорт-тректен әлем чемпионатының финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Денис Никиша шорт-тректен Оңтүстік Корея астанасы Сеулде өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Денис Никиша 500 метр қашықтықта ширек және жартылай финалдық сайыстарын сәтті өткізді.
Сөйтіп ол А финалында өнер көрсетуге жолдама алды. Денис бес спортшының қатарында біріншілік жүлделерін сарапқа салады.
Осыған дейін бірде-бір қазақстандық шорт-трекші әлем чемпионатында жүлдеге іліккен емес.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын шорт-тректен әлем чемпионатында 11 қазақстандық спортшының бақ сынайтынын жазған болатынбыз.