Денис Тен АҚШ пен Францияда өнер көрсетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ISU халықаралық конькимен сырғанаушылар одағы жаңа маусымда мәнерлеп сырғанаушылардың қандай кезеңдерде өнер көрсететінін мәлім етті, деп жазады Sports.kz.
Одақтың жария етуінше, Сочидегі Олимпиаданың күміс жүлдегері қазақстандық Денис Тен ағымдағы жылдың 24-26 қазаны аралығында АҚШ-тағы «Skate America» кезеңдерінде және 21-23 қараша аралығында Франциядағы «Trophée Eric Bompard»-те өнер көрсетеді. Гран-при финалы Барселонада 11-14 желтоқсан аралығында өтеді.