Денис Тен ашық жаттығу өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда «Халық Арена» мұз айдынының ашылуына орай Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен ашық жаттығу өткізді.
Жиналған жас спортшыларға даңқты мәнерлеп сырғанаушы шеберлік сабағын өткізіп, өте күрделі спорттық элементтерді орындау құпияларымен бөлісті. 3 мың адам сиятын жаңа мұз айдынында шамамен 30 жас мәнерлеп сырғанаушы өнер көрсетті.
«Алматыда әлемдік спорттық нысандардан бірде-бір кем емес осындай аренаның ашылғанына өте қуаныштымын. Әлемнің түрлі елдерінде болдым, сондықтан бөлісуге тұрарлық дағдыларым бар деп ойлаймын. Меніңше, дәл осы балалардан болашақта әлемдік жұлдыздар міндетті түрде шығады», - деді Д.Тен.