Денис Тен Австриядағы турнирде чемпион атанды

АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан мәнерлеп сырғанау спортшысы Денис Тен Австрияның Грац қаласында Icechallenge турнирінің қысқа бағдарламасында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Денис Тен Австриядағы турнирде чемпион атанды

Өз бағдарламасын айна-қатесіз орындаған жерлесіміз 88,19 ұпай жинап, қарсыластарынан оқ бойы озып шықты.

Салыстырар болсақ, екінші орынға табан тіреген ресейлік Гордей Горшковтың жинаған ұпайы 66,56. Үздіктер үштігі 64,32 ұпай жинаған Австрия өкілі Виктор Пфайфермен аяқталды.

Австрияда бұл турнир 2009 жылдан бастап өткізіліп келе жатқанын айта кету керек.