Денис Тен Бордода өтіп жатқан Гран-Придің қысқа бағдарламасының нәтижесі бойынша төртінші орында
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Францияда Гран-при кезеңінде ерлер арасындағы қысқа бағдарлама нәтижесі бойынша төртінші орынды көрсетті, деп жазады Sports.kz.
Бірінші орында - Жапония өкілі Шома Уно, екінші - ресейлік Максим Ковтун, үздіктер үштігіне тағы бір Жапонияның өкілі Дайсуке Мураками кірді.
Гран-при. Төртінші кезең . Trophee Bompard. Бордо (Франция) Ерлер . Қысқа бағдарлама .
1. Шома Уно (Жапония) - 89.56 2. Максим Ковтун (Ресей) - 86.83 3. Дайсуке Мураками (Жапония) - 80.24 4. Денис Тен (Қазақстан) - 80.10.