12:23, 02 Сәуір 2016 | GMT +5
Денис Тен Бостондағы әлем чемпионатында 11 орынды иеленді (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочидегі Олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері Денис Тен америкалық Бостонда өткен әлем чемпионатында 11-ші орынды иеленді.

Қысқа бағдарламада өнер көрсеткеннен кейін қазақстандық спортшы 78,55 балл жинап, 12 орынды иеленді. Мұндай нәтижені 151,58 балл жинап еркін бағдарламада да көрсеткен. Қорытынды балл - 230,3.
Испандық Хавьер Фернандес (314,93) 2016 жылғы әлем чемпионы атанды, екінші орында - жапондық Юдзуру Ханю (295,17), қола медаль қытайлық Боян Дзинге (270,99) бұйырды.
Атап өтсек, Қазақстан атынан әлемдік біріншілікте мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева да бар. Ол қысқа бағдарламадан кейін 12-ші орынды иеленді. Еркін бағдарламада жарыс 3 сәуірде өтеді. Таңғы 4.50-де KazSport арнасы көрсетеді.