Денис Тен ғаламторда өз жанкүйерлерінің қызықты сұрақтарына жауап береді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен ВКонтакте әлеуметтік желісінде жанкүйерлерінің ең қызықты сұрақтарына жауап қайтаруға сөз берді.
«Көпшіліктің өтінішімен және Денистің келісімімен ВКонтакте желісінде «Денис Тенге сұрақ қой» тақырыбындағы топ құрылды. Кез-келген адам сұрақ қоя алады. Олардың ішіндегі ең қызықтыларына жауап қайтарылатын болады», - делінген Денис Теннің Инстаграмдағы парақшасында жариялаған хабарламасында.
Мұны естіген жанкүйерлер белсенді түрде сұрақтарын қойып жатыр. Оларды мәнерлеп сырғанаушы қашан шаңырақ құратыны, келесі маусымның бағдарламасына қандай төрт мәрте секіруді қосатыны, киноға түскісі келетіні не оны қаламайтыны және т.б. қызықтырады.