Денис Тен Хорватиядағы халықаралық турнирдің жеңімпазы болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Хорватиядағы Golden Spin of Zagreb халықаралық турнирінде бірінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы спортшының Instagramдағы фан-клубының ресми парағында хабарланды.
Екінші орынға Чехиядан Михаил Брезин шықты, жүлдегерлер тұғырын ресейлік Константин Меньшов тұйықтады.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Францияда Гран-придің соңғы кезеңінде Денис үшінші орынға ие болған еді. Сонымен бірге ол қысқа бағдарламада көш бастады.