Денис Тен итальяндық спортшыға араша түстi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочи Олимпиадасының қола жүлдегерi Денис Тен Еуропаның бес дүркiн чемпионы, итальяндық мәнерлеп сырғанаушы Каролина Костнердi қолдауға шақырды.
Сочи Олимпиадасында қола медаль еншiлеген Каролина Костнер допингтiк iске қатысы бар деп айыпталуда. Жергiлiктi БАҚ-тың хабарлауынша, мәнерлеп сырғанаушының бұрынғы жiгiтi спорттық жүрiс бойынша 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Алекс Швацер 2013 жылы 23 сәуiрде допинг қолданғаны үшiн үлкен спорттан 3,5 жылға шеттетiлген едi. Процесс барысында ол Каролина Костнер оған допингтiк офицерлердi алдап, бiрнеше спорттық жарыста допинг қадағалаудан мүдiрмей өтуге көмектестi деп мәлiм еттi.
"Орын алған жағдайдың барлық себептерiне көз жеткiзе алмасымыз анық. Бiрақ... әлем чемпионаттарындағы 6 медаль, әлем чемпионы титулы, 5 еуропалық жүлде және Олимпиада қоласы, 23 жыл бойы өткiзген ауыр жаттығуларды сарп етiп, ауызша айып үшiн 4,5 жыл үлкен спорттан шеттету қынжылтады. Оқиғаға кiнәлi адамның жауапкершiлiгiнен де көп!", - деп жазады Д.Тен Instagram-дағы парақшасында.
Қазақстандық спортшы өз жанкүйерлерін Каролинаны қолдап, онлайн-петицияға қол қоюға шақырды. Бұл оның ойынша, әлемдiк жұлдызға белгіленетін жазаны жұмсартуы мүмкiн.
"Сiздердiң бiр минуттарыңыз маңызды рөл атқармақ, ең бастысы - қымбатты Каролинаға қолдау болады. Мүмкiн бұл оның мансабын бiрталай ұлғайтуы ықтимал", - дейдi Д.Тен.