Денис Тен қазақстандықтарды сайлаудың аяқталуымен құттықтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочидегі Олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері Денис Тен қазақстандықтарды 20 наурызда өткен Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлаудың аяқталуымен құттықтады. Бұл туралы мәнерлеп сырғанаушы өз Инстаграмындағы парақшасында жазды.
«Бүгінгі сайлаудың аяқталуымен құттықтаймын, бұл елдің бүгіні мен ертеңіне ықпал ететін ерекше шара», - деді спортшы.
Сондай-ақ Денис Тен Қазақстан азаматтарын Наурыз мерекесімен құттықтады, көктемнің шуақты мерекесі табыстар әкелсін. Ертеңіміз жарқын болсын! - деп жазды Д.Тен.
Еске салсақ, ҚР ОСК алдын ала деректеріне сәйкес сайлау қорытындысы бойынша «Нұр Отан» 82,15%, ҚКХП - 7,14%, «АҚ ЖОЛ» - 7,18%, «Бірлік» - 0,29%, ЖСДП- 1,18%, «Ауыл» партиясы - 2% дауыс жинады.