Денис Тен Кореядағы «жұлдызды шоуда» өнер көрсетті (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшы, Сочидегі Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Тен Сеулде өтіп жатқан All That Skate-2016 атты мәнерлеп сырғанау жұлдыздарының шоуына қатысты.

Денис Тен Кореядағы «жұлдызды шоуда» өнер көрсетті (ВИДЕО)

Денистің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми тобында атап өтілгендей, шоу бірнеше күн - 4-6 маусым күндері аралығында Сеулде өтуде.

Көпшіліктің сүйіктісі Денис Тен жеке-дара да сырғанап, сондай-ақ топтық қойылымдарға қатысуда.