Денис Тен құрлық және әлем чемпионатына қатыспақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен алда қатысатын жарыстарын жариялады, деп жазады Аламан порталы.
None
None

Астанада өткен жанкүйерлермен кездесуде Денис Тен ақпанда Тайпейде өтетін «Төрт құрлық чемпионатына» баратынын мәлімдеді. Ол сондай-ақ наурызда АҚШ-тың Бостон қаласындағы әлем чемпионатына қатысады.

« Ақпандағы «Төрт құрлық чемпионатына» дейін Еуропада өтетін коммерциялық жарыстарға қатысу ойда бар. Негізгі басты жарыс Бостондағы әлем чемпионаты болмақ», - деді Тен.

Денис Тен былтыр Сеулде (Оңтүстік Корея) өткен «Төрт құрлық чемпионатында» алтын медаль алған. Ал Шанхайдағы әлем чемпионатында үшінші орынды иеленген еді.

Тағы бір қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева ақпанда Лиллехамерде (Норвегия) өтетін жасөспірімдер олимпиадасына барады.

Соңғы жаңалықтар