Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев төрт континент чемпионатында қысқа бағдарламада өнер көрсетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Корея астанасы Сеулде төрт континент чемпионаты басталды, деп хабарлады Sports.kz.

Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев төрт континент чемпионатында қысқа бағдарламада өнер көрсетеді

Ерлер қысқа бағдарламада өнер көрсетеді. Жарысқа 26 спортшы қатысуда, соның ішінде екі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы - Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев бар.

Қысқа бағдарлама Астана уақытымен сағат 14:15 басталады. «KAZsport» арнасы жарысты тікелей эфирде көрсетеді.