Денис Тен нейролейкозға шалдыққан алты жастағы Нұрсаттың хал-жағдайын білді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында ем қабылдап жатқан алты жасар Нұрсат Жақыпбардың хал-жағдайын білуге барды.
Атап айтқанда, Нұрсатқа қолдау көрсету үшін Денис Алматыдан арнайы ұшып келді. Ол осы сапары барысында балаға сыйлықтар ала келіп, онымен әңгіме-дүкен құрды. Нұрсат кішкентай жасына қарамастан ерте есейген бала. Қатарластарының арасында алғырлығымен, парасаттылығымен және талантымен танылған ол Д. Тенге өзінің дипломдарын көрсетті.
Алдағы уақытта Нұрсатқа ауыр ота жасалады. Дәрігерлер оның миынан ісік тапты. Яғни ол лейкоз дертінің салдарынан пайда болған індет. Оның анасы Гүлден Тәжіденова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында бала екі жаста болғанда лейкоз ауруы анықталғанын айтты. Кейін, операциялар жасалып, баланың жілік майы ауыстырылды. Донор ретінде Нұрсаттың ағасы іріктелді.
Операция сәтті өтіп, жілік майы баланың сауығуына оң әсер етті. Алайда, жарты жылдан кейін оның миында ісік (нейролейкоз) анықталды. Жеткіншекке қажет операциялар Қазақстанда жақында ғана енгізіле бастады. Уақыттың шектеулі болуына байланысты, балаға керек ем-домды шетелде жасау қажеттілік етуде.
«Операциядан кейін Нұрсаттың бақытты балалық шағын өткізуіне мүмкіндік болады деп сенемін. Оның сауығып кетуіне барынша тілектеспін және алдағы уақытта Нұрсатпен бірге уақытымды қуана-қуана өткіземін»,-деді Д. Тен.
Нұрсаттың анасы Тәжіденова Гүлден Кеңесқызымен байланысу мәліметтерін ұсынамыз.
Телефон: +7 707 105 60 89
Қазақстанның Халық банкіндегі есеп-шот: 196010002001190397
Карта нөмірі: 4402573563801796
ЖСН 790207402477