11:35, 29 Қараша 2015 | GMT +5
Денис Тен NRW Trophy турнирінде қысқа бағдарламадан кейін үшінші орынға табан тіреді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен немістің Дортмунд қаласындағы NRW Trophy турнирінде қысқа бағдарламадан кейін үшінші орында, деп хабарлады Sports.kz.

Ерлер қысқа бағдарламада өнер көрсетуін аяқтады. Мұнда 84,53 ұпаймен ресейлік Сергей Воронов жеңді.
Бельгиялық Йорик Хендрикс (82,93) әзірге екінші, ал 82,63 ұпаймен қазақстандық Денис Тен үшінші орында тұр.