Денис Тен Олимпиада ойындарына қатысу үшін Кореяға ұшып барды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Олимпиада ойындарына қатысу үшін бүгін таңертең Инчхон әуежайына ұшып барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін таңертең Инчхон халықаралық әуежайына біздің Денис Тен ұшып келді. Олимпиада ауылына қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы 11 ақпан күні барады», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.
Еске сала кетсек, 2016 жылдың 1 сәуірінде Денис Тен Финляндия елінің астанасы Хельсинкиде өткен әлем чемпионатында 16-орын алып, 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алды.
10 тамыз күні Кореядағы «Ice Festa» шоуы қарсаңында жарақат алып қалған болатын.
Кореяның Пхенчан қаласындағы Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 аралығында өтеді. Онда спорттың 15 түрі бойынша 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстандықтар спорттың 9 түрі бойынша бақ сынайды.
Олимпиаданың ашылу салтанатында ел туын шорт-трекші Абзал Әжғәлиев ұстап шығады.