Денис Тен - төрт құрлықтың чемпионатында төртінші орында

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Тайпейде мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлықтың чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sports.KZ.

Денис Тен - төрт құрлықтың чемпионатында төртінші орында

Ерлер арасындағы жеке сырғанаудан бірінші және екінші орынды жапондық қос спортшы Та­ка­хи­то Му­ра мен Та­ка­хи­ко Кодзу­ка иеленді. Үшінші орын қытайлық Сунь На­ньға бұйырды.

Бұл чемпионатта қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша бесінші орын иеленді. Ал еркін бағдарламаның нәтижесінде 226,37 ұпай жинап төртінші орыннан табылды. Сондай-ақ еліміздің тағы бір спортшысы Абзал Рахымғалиев 184,13 ұпаймен 13 орынға табан тіреді.