Денис Тен: Жанкүйерлеріме қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған Денис Тен қазақстандық жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді, деп хабарлады Vesti.kz.
None
None

«Әлем чемпионатының тағы бір алқасына ие болғаныма қуаныштымын. - деді Денис Тен. - Бұл нәтиже жаман емес. Еркін бағдарламада үздік атанғаныма ризамын. Жанкүйерлеріме қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіргім келеді. Бұл жолы олардың қатары қалың болды. Мұндайды күтпегендіктен риза болып қалдым. Жаңа ғана маған флешмоб туралы айтты, соңғы кездері әлеуметтік желілерде отырмаймын. Барлығына алғысым шексіз. Мен сіздердің бастамаларыңызды жоғары бағалаймын. Менің көрсеткен өнерім сіздерге кішкентай болса да қуаныш сыйлады деп үміттенемін. Алда жүзеге асыратын ауқымды жоспарларым бар», - деді Д. Тен.

Сондай-ақ мәнерлеп сырғанаушы тілшінің: «Сіздің басты мақсатыңыз 2018 жылғы Олимпиада ма?» деген сұрағына жауап берді.

«Қазіргі басты міндетім - алға қарай жылжу. 2018 жылы Кореяда мүмкіндігімді сынағым келеді. Осы мерзімге дейін жақсылап дайындалуым керек. Олимпиада маусымы аяқталған соң басты мақсатыма жету үшін жағдайларды жасау маңызды», - деді ол.

Еске сала кетейік, испаниялық Хавьер Фернандес әлем чемпионы атанды, екінші орынға жапониялық Юдзуру Ханю ие болса, үздік үштікті Денис Тен тұйықтады. Денис Теннің қысқа бағдарламасы алдында оның Қазақстандағы және шетелдердегі жанкүйерлері сүйікті мәнерлеп сырғанаушыларын қолдау мақсатында флешмоб ұйымдастырған.

Соңғы жаңалықтар