Денис Тен Жапониядағы «Christmas on Ice» шоуына қатысуда (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәнерлеп сырғанаудан 2013 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2014 жылғы Олимпиадалық ойындардың қола медаль иегері Денис Тен рождество мерекесіне арналған Жапониядағы «Christmas on Ice» шоуына қатысуда.
Бұл туралы мәнерлеп сырғанаушының жанкүйерлері қоғамдастығының Instagram-дағы парақшасынан белгілі болды.
Еске сала кетейік, бұдан бірнеше күн бұрын Денис атақты мәнерлеп сырғанаушы Стефан Ламбьел ұйымдастырған Швейцариядағы «Ice Legends» шоуына қатысқан болатын.