13:48, 05 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Денис Тенді марапаттау кезінде Қазақстанның бұрынғы әнұраны шырқалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенді Хорватия астанасы Загребте өткен «Golden Spin of Zagreb» турнирінде марапаттау рәсімінде қателікпен Қазақстанның бұрынғы әнұраны шырқалды, деп хабарлады Vesti.kz. тілшісі.
Еске сала кетейік, Денис Тен қысқа және еркін бағдарлама қорытындысы бойынша турнирде екінші рет жеңіске жетті, ол сондай-ақ 2014 жылы «Golden Spin of Zagreb» жеңімпазы атанған.