Денис Теннің анасы Оксана Тен әйел бақытының құпиясымен бөлісті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің анасы Оксана Тен әйел бақытының құпиясымен бөлісті.
«Сүйіктіңмен бірге өтіп жатқан өмір - ол үлкен бақыт және осыны әйел бақытының құпиясы деп айтар едім. Менің құпиям - ол берік әрі ұйымшыл отбасы, жанұядағы жақсы қарым-қатынас, сондай-ақ ең бастысы балалардың денсаулығы. Сондықтан да ана үшін бұдан артық ештеңе керек емес», - деді ол бүгін Ақордада Халықаралық әйелдер күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кездесуден кейінгі брифингте.
Сонымен қатар ол ұлы Денис Тен жыл сайын 8 Наурыз күні гүл сыйлап, жылы сөздер айтатындығын жеткізді.