Денис Теннің Қазақстандағы шоуына Жапониядан кемінде 200 жанкүйер келуі мүмкін

«Мен Жапониядағы «Christmas on Ice» атты мұз шоуынан оралып отырмын. Олар мені екі жыл қатарынан шақырды. Мен үшін Жапонияда өз өнерімді тағы бір паш етіп, Жаңа Жылдық ықыласқа бөлену үлкен құрмет болды», - дейді Д.Тен.
Оның айтуына қарағанда, бұндай жобалар спортшының тәжірибесін арттыруға ғана емес, қазақстандық жобаны алға жылжыту үшін аса қажет.
«Осындай кезде мен қазақстандық шоудың салмағы менің мойнымда екенін түсінемін, сондықтан мәнерлеп сырғанау спортын үлкен шоу ете білген Жапония сынды елмен бір деңгейде өткізуді ойлаймын. Сонау Жапонияда Қазақстандағы шоуға үлкен қызығушылық бар. Мен туристік агенттікпен сөйлестім. Олардың айтуынша, егер біз қазақстандық шоу өтетін мерзімді екі ай бұрын хабарландырсақ, агенттік бірден 200 VIP-билетті сатып алатындықтарын айтты. Себебі олар Жапониядан кемінде 200 турист келетіндігіне сенімді», - деп атап өтті спортшы.
Айта кетейік, Денис Тен Қазақстанда үш жыл қатарынан әлемнің танымал спортшыларының қатысуымен мұз шоуын өткізіп келеді.