Денис Теннің мұз айдынындағы шоуын Еуропа мен Азия телеарналары көрсетуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат -Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің мұз айдынындағы «Олимпиада энергиясы» шоуын жақын арада шетелдік телеарналар көрсетуі мүмкін, деп хабарлады Vesti.kz.
None
None

«Теленұсқаны біз Алматыдағы шоудың екінші күні түсірдік, - деді Денис Тен. - Осы күні бізге шоуды басқа елдерде көрсету құқығын сату мүмкіндігіне байланысты сұраныстар түсіп жатыр. Бірақ әзірге бұл мәселені шешкен жоқпыз. Менің мақсатым - шоуды бүкіл елге көрсету, алдағы уақытта ол қазақстандық телеарналарда көрсетіледі деп үміттенемін. Шоу зор халықаралық қызығушылық тудырды. Маған бүкіл әлемнен көптеген адамдар хат жазуда, ал Италия мен Жапония жанкүйерлері тіпті оны сол елдерге апаруды сұрауда».

Айта кетейік, Денис Теннің Алматыда 29-30 мамыр күндері, Астанада 1 маусымда өткен шоуын 10 мыңға жуық адам тамашалады. Оған әлемдік мәнерлеп сырғанау жұлдыздары - Олимпиада чемпиондары Алексей Ягудин, Татьяна Тотьмянина мен Максим Маринин, Эван Лайсачек, Татьяна Волосожар мен Максим Траньков, әлем чемпиондары Мао Асада, Дайсуке Такахаси, Каролина Костнер мен Брайан Жубер қатысты.

Алматыдағы шоудан жиналған қаржының бәрі Қазақстандағы мәнерлеп сырғанауды дамыту үшін жұмсалады. Билеттерді сатудан түскен қаржыға қазақстандық жаттықтырушылар мен мәнерлеп сырғанаушылардың семинары ұйымдастырылды. Семинар мен шеберлік сыныптарын Денис Тен, Алексей Ягудин мен Брайан Жубер өткізуде. Ал Астанадағы шоудан жиналған ақша ми ісігі ауруына шалдыққан алты жасар Жанбай Нұртасқа ота жасауға жұмсалады.

Соңғы жаңалықтар