Денис Теннің шетелден келген достарының заттарын жымқырған азамат құрықталды

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Алматылық полиция қызметкерлеріне «Денис Тен және достары» атты мұз үстіндегі шоуға шақырылған екі елдің спортшы қыздарының жеке заттарын ұрлаған күдіктіні қолға түсіру үшін небәрі бір тәулік қажет болды.
None
None

Шоуға қатысушы 3 қыздың киім шешетін бөлмесінен қымбат айпадтар, ұялы телефон, ноутбук пен 5 мың АҚШ доллары ұрланған. Бұл туралы ҚР ІІМ мәліметтерінде хабарланды.

«Күзетшілерді, қызметкерлер құрамын және шоуды ұйымдастырушыларды жан-жақты сұрастырғанда, жедел тергеу амалдарына жәрдем беретін мәліметтер алынған жоқ. Дегенмен жедел іздестіру шараларының нәтижесінде криминалды полиция қызметкерлері 48 жастағы ШҚО-да туған азаматты ұстап, ол ұрлық жасағандығын мойындады»,-делінген хабарламада.

Күдіктіден ақшаның бір бөлігі мен ұрланған ұялы телефондардың бірі алынды.

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде, күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды.

Соңғы жаңалықтар