Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Денис Уланов ауыр атлетикадан Қазақстан спартакиадасында жеңімпаз атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан Спартакиадасы жалғасуда. Бүгін ерлер арасында екі салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды деп жазады Olympic.kz.

Денис Уланов ауыр атлетикадан Қазақстан спартакиадасында жеңімпаз атанды

89 келіге дейінгі салмақта Денис Уланов жеңіске жетті. Екінші және үшінші орынды Нұрғиса Әділетұлы мен Сұлтан Мейрам өзара бөліскен. Ал 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Антон Антропов топ жарды. Күміс жүлдені Шыңғыс Сағындықов, қола медальді Рахат Бекболат иеленген.