Денсаулық сақтау министрлігі бедеуліктің негізгі себептерін атады

денсаулық
Фото: Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы

АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтар арасындағы бедеуліктің негізгі себептерін атады.

Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Шәкизат Халықова бедеуліктің әлеуметтік-медициналық проблема екенін атап өтті.

«Негізгі себептер жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, ерте жыныстық белсенділік және түсік жасату болып табылады. Қазір жастардың бірнеше серіктесі бар және олар жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардан қорғанбайды, соның салдарынан жатыр түтіктерінің өткізгіштігі бұзылып, бедеулікке әкеп соғады», – деді Шәкизат Халықова.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін ұялы телефонды жиі пайдалану ер адамның сперматозоид санына әсер етуі мүмкін екенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram